Алматыда 200 вакцина салу пункті құрылды

12 Сәуір 2021, 15:24
1115
Бөлісу:
Алматыда 200 вакцина салу пункті құрылды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда қалада 200 вакцинациялау пункті жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада 2 сәуірден бастап халыққа жаппай вакцина салу жүргізілуде. Вакцинациялау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорт мекемелерінде, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 250 вакцинациялау пунктін іске қосу жоспарланған. Қазір 200 вакцинациялау пункті жұмыс істеп тұр. Оған қоса қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сәуірдің 1-11 аралығында қала бойынша 75 660 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 14 800 қала тұрғыны вакцинаның екі компонентін де алды. Соңғы тәулікте Алматы қаласында 6 140 адам вакцинация алды, - делінген хабарламада.

Алматы қаласының аудандары бойынша вакцинация алған тұрғындар туралы ақпарат:

Алатау ауданы – 5 590 адам
Алматы ауданы – 16 665 адам
Әуезов ауданы – 11 560 адам
Бостандық ауданы – 15 250 адам
Жетісу ауданы – 2 685 адам
Медеу ауданы – 10 495 адам
Наурызбай ауданы – 4355 адам
Түрксіб ауданы – 9060 адам.

Өзгелердің жаңалығы