Алматыда 2 метро бекетінің атауын өзгерту ұсынылды

18 Қыркүйек 2021, 17:13
5182
Бөлісу:
Алматыда 2 метро бекетінің атауын өзгерту ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қала күні қарсаңында Мәслихат сессиясында метрополитеннің екі бекетінің атауын өзгерту бойынша ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Достық» бекеті атауын Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған әскери қолбасшы, белгілі жазушыны дәріптеу мақсатында «Бауыржан Момышұлы» бекеті деп қайта атау жоспарлануда. Атаулас көше станцияның жанында орналасқан. Поезд құрамдардың Алматы облысы Қарасай ауданына қарай қозғалыс бағытында орналасқан «Батыс Автовокзалы» бекетінің атауын «Қарасай» бекеті деп қайта атау жоспарлануда, - делінген ақпаратта.
Қала әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі келісу үшін Республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі.

 
Өзгелердің жаңалығы