Алматыда 188 медицина қызметкері алғыс хатпен марапатталды

20 Маусым 2020, 14:39
1330
Бөлісу:
Алматыда 188 медицина қызметкері алғыс хатпен марапатталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің медицина қызметкерлерін қаланың денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлестері үшін алғыс айтып, алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің құрметіне орай Алматы қаласы әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен 188 қызметкер марапатталды. Олардың арасында әртүрлі медициналық ұйымдардың қызметкерлері бар. Қалалық ауруханалар мен емханалардың, оңалту орталықтары мен басқа мамандандырылған мекемелердің қызметкерлері күнделікті қосып жүрген үлестері үшін мараптталды,-делінген хабарламада. 
Атап өтетін жайт, еңбектері бағаланған қызметкерлердің бәрі корнавируспен күреске жұмылдырылған, олар COVID-19 диагнозы бар науқастарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде.
Өзгелердің жаңалығы