Алматыда №113 автобустың бағыты өзгерді

14 Қыркүйек 2021, 14:38
4383
Бөлісу:
Алматыда №113 автобустың бағыты өзгерді

Алматы, BAQ.KZ. «Алматыэлектротранс» ЖШС 15 қыркүйектен бастап №113 машрутының сызбасы өзгеретінін мәлімдеді.

Енді автобус Жароков көшесімен келе жатқанда Шевченко көшесімен Байзақовқа бұрылмай, Байтұрсынов көшесіне дейін барады, әрі қарай бағыты бойынша. Кері қайтқанда Байтұрсынов көшесінен Жамбылға бұрылады да, Жароков көшесіне дейін жүреді, әрі қарай бағыты бойынша, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, жақында жол жөндеу жұмыстарына байланысты №27 және №118 бағытындағы автобустардың маршруты өзгерген болатын.

Өзгелердің жаңалығы