Алматыда 103 жастағы кейуана санақтан өтті
04 Қараша 2021, 23:05 170

Алматыда 103 жастағы кейуана санақтан өтті

Алматы, BAQ.KZ. Бақылау аралау кезінде Алматы қаласының 103 жастағы тұрғыны санақтан өтті. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша статистика департаменті хабарлады.

Санақ аяқталғаннан кейін осы аптада инструктор-бақылаушылар интервьюерлермен бірлесе отырып, әрбір есептік аймақтағы тұрғын үйлердің 10 пайызын қамтитын респонденттерге сауалнама жүргізеді.

Бұл кезең 8 қарашаға дейін жалғасады және 2021 жылғы халық санағы кезінде халықты тіркеудің толықтығын және деректер сапасының дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Бұл шара сонымен қатар сұхбатшылардың әрбір тұрғын үйге барғанын және сауалнаманың барлық тұрғындар үшін толтырылғанына дәлел береді.

Наурызбай ауданындағы бақылау сапары кезінде «Шұғыла» шағынауданының жеке секторында инструктор-бақылаушылар 10 адамнан тұратын көпбалалы отбасын тіркеді. Отбасының ең үлкені 103 жастағы апа және оның 81 жастағы ұлы болды. Ауданның ең үлкен тұрғыны 1918 жылы дүниеге келген. Сұхбатшылар бүкіл отбасын санақтан өткізіп, біздің құрметті респонденттерге ұзақ және бақытты өмір тіледі,-делінген хабарламада.

Санақтан www.sanaq.gov.kz санақ сайты арқылы өтуге немесе қаланың 1446 нөміріне, ұялы телефоныңыздан 88000800878 нөміріне тегін қоңырау шалып, санақтан өтпегеніңізді хабарлауға болатынын естеріңізге саламыз.

Қандай да бір себептермен санақтан өтпей қалған тұрғындар болса Алматы қаласы бойынша санақ бөлімінің 8 (727) 330-89-16 телефонына хабарласа алады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...