Бас жаңалықтар
Алматыда 10 жасар баланы ұрған ер адам ұсталды
05 Қыркүйек 2021, 02:44 1359

Алматыда 10 жасар баланы ұрған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда үйдің кіреберінде баланы ұрған ер адам анықталды.

Оқиғаның видеосы желіде тараған. Бейнежазбада подъездке кірген ер адамның баланы басынан ұстап, ұрып жібергені көрінеді.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов түсініктеме беріп, 55 жастағы адамның ұсталғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша дене жарақатын алған баланың анасынан арыз келіп түсті. Ол 1 қыркүйек күні подъездің кіреберісінде 10 жасар баласын ұрып, дене жарақатын салған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады, – деді Р. Абдрахманов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...