Алматыда 10 есек сатқан азамат ұсталды

23 Шілде 2019, 19:55
4867
Бөлісу:
Алматыда 10 есек сатқан азамат ұсталды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Ұйғыр ауданында 10 есек сатқан азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерек Ұйғыр ауданында тіркелді. Маусым айының ортасында бір түнде Үлкен Диқан ауылынан белгісіз біреу жайылымда жүрген 10 есекті ұрлап кеткен. Тұрғындардың дер кезінде полицияға жүгінгенінің арқасында қылмысқа қатысы бар тұлға анықталды. Жедел іздестіру шаралары негізінде Ұйғыр ауданының полицейлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен Шонжы ауылының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ұрланған есектердің арзан бағада Талғар ауданында сатылғаны белгілі болды. Ұрланған малды сатып алушы да анықталды және қолды болған жануарлар өз иесіне қайтарылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған қылмыстық іс Ұйғыр ауданы полициясының өндірісінде. Қазіргі уақытта ұсталған күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр.

Облыстық полицейлер ұрланған мүлікті сатып алумен айналысты деген күдікке ілінген Талғар ауданының тұрғынын да жауапкершілікке тарту мәселесін көтеретінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы