Бас жаңалықтар
Алматыда 1,5 жастағы қыз соққыға жығылды
PHOTO
17 Сәуiр 2021, 17:06 354

Алматыда 1,5 жастағы қыз соққыға жығылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жастағы қыз соққыға жығылды.

Бұл туралы «НеМолчиKz» қорының жетекшісі Дина Таңсары өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 




Сәби көптеген жарақатпен қатар, бас-ми жарақатын да алған. Орталық директорының айтуынша, оны соққыға жыққан қызметкер емес, өзі сияқты бала, - деп жазды ол.


Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берген. Департаменттегілер оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатқанын айтты. 

Аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында процессуалдық және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша қылмыстық істің процессуалдық шешімі шығарылады, - деп хабарлаған Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Фото: дереккөз
Загрузка...