Алматыда 1,5 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болады

23 Қыркүйек 2020, 19:33
1103
Бөлісу:
Алматыда 1,5 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік және аймақтық бағдарламалармен қамтамасыз етілетін болады. Осы мақсаттарға шамамен 15,8 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына 9,1 миллиард теңге, «Еңбек» бағдарламасы аясында қалаларға 279,5 миллион теңге, ауылды жерлерге 6 миллиард теңге бөлінген. Грант ұсынуға 804,3, «Жетісу» 1,0 миллиард теңге бөлген.

Айта кету керек, Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында облыста 118 875 кәсіпкерлік субъектісі салықтық жеңілдіктерге ие болды. Ал 641-і несие алу үшін кейінге қалдырылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аймақтағы кәсіпорындарды қолдаудың дағдарысқа қарсы жоспарлары жасалуда.

2019 жылы Алматы облысында шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 1050,0 миллиард теңгені құрады. Шағын және орта бизнестің 2018 жылмен салыстырғанда 33,6%-ға дейін өсті. Шағын және орта бизнес саласында 2020 жылдың қаңтар-наурызында 251,5 мың адам жұмыспен қамтылған. 2019 жылдың соңында өндіріс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, 1 535,6 миллиард теңгені құрады (2018 жылы 1 367,7 миллиард теңге). Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы өндіріс көлемі 260,7 миллиард теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 106,4%. Сонымен бірге бірінші жартыжылдықта өндірістің күтілетін көлемі 565,6 миллиард теңгені құрайды. Нақты көлем индексі – 100,5%. 2020 жылға арналған жоспар – 1 650,3 миллиард теңге. 2020 жылдың 8 айында бюджетке ШОБ-тан 70 миллиард теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 800 миллион теңгеге артық.


Өзгелердің жаңалығы