Бас жаңалықтар
Алматы: Жыл соңына дейін ағаштар саны 250 мыңға көбейеді
15 Тамыз 2020, 21:43 205

Алматы: Жыл соңына дейін ағаштар саны 250 мыңға көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған Jasyl Almaty акциясының аясында көктемде 8 мың ағаш және 110 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егілді. Күзгі маусымда шамамен 250 мың жасыл желек, оның ішінде 280 мың жапырақты және 8 мың қылқанжапырақты тұқымынан егу жоспарланған. Жасыл желектендірілетін жалпы аумақ 452,6 гектарды құрайды.
Көшеттер географиялық, климаттық және топырақ жабындысының құрамына қарай бөлінген. Егілетін көшеттердің негізгі бөлігі шетсіз қала қағидасы бойынша отырғызылады. Алатау ауданында 176,7 мың көшет, Түрксіб ауданында 40 мың көшет, Наурызбай ауданында 5,5 мың көшет егіледі. Негізінен жапарақты ағаштар – терек, шегіршін, үйеңкі, талшын, сонымен бірге жемісті – алма, шие, өрік ағаштарына басымдық беріледі, - деп атап өтті Н.Ливинская.

Сонымен бірге, инвесторлар есебінен скверлер құру үшін 20 жер учаскесі анықталған. Бизнес қауымдастықтарды тарту арқылы 35 мың ағаш егу жоспарланған.

2019 жылдың қарашасынан басқарма ағаштарды кесуге рұқсат беруді тоқтатты. Он айда ағашты кесуге қатысты 300-ден астам өтініш түскен, олар бойынша себептемелі бас тарту берілді, жобаға арналған 33-і бойынша рұқсат етілді.

Рұқсат етілгендер қатарындағы жобалар негізінен мектептер, балалар бақшасы, тұрғын үй кешендерімен байланысты, көшелерді, саябақтар мен скверлерді реконструкциялауға бағытталған жобалар да бар. Біз оларды қайта қарадық, аумаққа қалай кіру керек екенін, ғимараттың жанындағы көшеттерді де ескердік. Осылайша, кесілу керек деп шешілген жасыл желектің санын азайттық, - деді басқарма басшысы. Сонымен бірге ол ұсынылған жобалар бойынша модернизациялау және ұсынылған жобаларды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Рұқсат беру кезінде кесілуі тиіс деген тізімге енген жасыл желек санын азайту деп жобаны түзету ұсынылады және содан кейін ғана кесуге рұқсат етіледі. Осылайша, "Достық" саябағында жоба қайта қаралып, кесілуі тиіс ағаштар саны 169-дан 26-ға дейін қысқарды.

Сонымен бірге, компенсациялық көшеттер әдісі қайта қаралды, көшеттер стандартқа сай егіледі, діңгек ұзындығы 2,5 метр, бұтақ жүйесі қалыптасқан және отырғызылғаннан кейін екі жыл бойы міндетті түрде күтім қажет.

Жасыл желекті сақтауда қоғамның қосар үлесі орасан зор. "Жасыл комиссия" мүшелері әрбір факт бойынша барып, өз ұсыныстарын айтады, - деп атап өтті басқарма басшысы.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...