Алматы жастары Наурыз мейрамын атап өтті

22 Сәуір 2019, 20:46
2672
Бөлісу:
Алматы жастары Наурыз мейрамын атап өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Әз-Наурызды барлық сән-салатанатымен атап өтті. Биылғы мереке Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай орайластырып ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстандағы Беларусь Елшісінің кеңесшісі Юрий,Дмитричков,  Израиль Республикасының ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман, Ауғанстан Ислам Республикасының ҚР-дағы елшілігіндегі үшінші кеңесші Менави Амина, Түркия Республикасының ҚР-дағы елшілігінің білім беру жөніндегі кеңесшісі Абдулмуталип Читин, Француз альянсының директоры Динара Оразбаева және Франциядан келген арнайы қонақ Жак Орте, университет ардагерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты. 

Алматы жастары Наурыз мейрамын атап өтті

Университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлы құттықтау сөзінде университет жетістіктері мен халықаралық ынтымақтастығы туралы қысқаша баяндап, университет ұжымы мен студенттерін Наурыз мейрамымен құттықтап, зор денсаулық, әр шаңыраққа бақ-береке, игі бастамаларға сәттілік тіледі.  

Шара барысында жыл сайын факультеттер арасында өткізілетін «Армысың, әз Наурыз!» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті еншіледі. 

Алматы жастары Наурыз мейрамын атап өтті

Мерекелік концертте «Өрлеу» тобы, Өнер және шығармашылық факультетінің «Шабыт» ұлттық аспаптар оркестрі, «Ақ желкен» студенттік театры, «Шаттық» би ансамблі және факультет солистері өнер көрсетті. 

Алматы жастары Наурыз мейрамын атап өтті

Мерекелік шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» атты флешмоб, театрландырылған қойылым, ұлттық салт-дәстүрден сыр шертетін көріністер сахналанды. Сондай-ақ, «Қазақ күресі», «Арқан тарту» ұлттық ойындары ойнатылды. Одан бөлек, 2000 адамға арналған Наурыз мерекесінің дәстүрлі асы – Наурыз көже ұсынылды.
Өзгелердің жаңалығы