Бас жаңалықтар
Алматы жастары Елбасын үлкен қуанышпен қарсы алды
26 Наурыз 2019, 15:15 530

Алматы жастары Елбасын үлкен қуанышпен қарсы алды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты студенттер ұшақтан салтанатты түрде күтіп алды.

Алматыдағы Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан екі мыңға жуық студент Нұрсұлтан Назарбаевты гүл шоқтарымен қарсы алды. Студенттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әрдайым жастарға қолдау білдіргені үшін әрі Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев ұшақтан түсісімен жастарға келіп, өзінің ризашылығын білдірді.

«Мен ешқайда кетпедім, мен сендермен біргемін. Біздің бастамаларды өмірге енгізуді жалғастыра беріңдер. Егер сөздеріңде тұрмасаңдар, қайтып келіп әр қайсыңнан сұраймын», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Кездесу барысында жастар Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасап, қолын алды. Өз кезегінде Елбасы жастардың немен айналысып жүргенін сұрады.

«Қазақстанда 140-қа жуық ұлт өкілі турады және олардың әрқайсысы ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін ұстанады, бұл тұста Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбегі орасан деп санаймын. Менің ұлтым әзербайжан, қазақ тілін үйреніп алдым, ана тілімде де ұялмай сөйлей аламын. Посткеңестік елдердің ешбірінде мұндай жоқ. Осы үшін және 30 жыл бойы атқарған еңбегі үшін мен біздің Елбасыға алғысымды білдіремін», - дейді Халықаралық қатынастар университетінің студенті Турал Мамедов.

Әділет Мұсахаев

Сізден жаңалық