Бас жаңалықтар
Алматы жанар-жағармай тапшылығын сезініп отыр
25 Маусым 2021, 12:22 1989

Алматы жанар-жағармай тапшылығын сезініп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының жүргізушілері жанар-жағармай тапшылығын сезініп отыр. Станциялардың кейбірінде жанар-жағар май жоқ болса, кейбірі оны тек талонмен ғана береді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, солярка сататын жанар-жағармай станциялары санаулы ғана. Оның өзінде баға шарықтап кеткен.

Ол тек талонмен сатылады. 205 теңге егер талон болса. Ал мен оны қайдан аламын? Біз соляркаға жұмсалатындай ақша таппаймыз. 230 теңгеден сатып алып жүрмін. Амал жоқ, жұмыс тоқтап қалады онсыз, - деп шағым айтты тұрғындардың бірі.

Көлік жүргізушілерінің жанар-жағармай іздеп, станцияларды аралап жүргеніне неше күн. Бұған дейін тапшылық Тараз бен Шымкент қалаларында орын алған. Ол жерде ұзын-сонар кезек қалыптасып, жанар-жағар майдың литрі 300 теңгеге жеткен болатын.

Энергетика министрлігі Алматы қаласында 10 мың тонна жанар-жағармай бар екенін, алдағы күндері қосымша екі мың тонна жеткізілетін айтады. Министрліктегілер жағдай бірнеше күнде тұрақтанды деп сендіруде.

Алайда сарапшылар жағдай тұрақталғанымен, баға бұрыңғыдай болмайды дегенді алға тартып отыр. Өйткені елде жанар-жағармай бағасы өте арзан.

Баға бұған дейін де өскен, әлемдік орташа бағаға жеткенге дейін өсе береді де. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ, дүниежүзілік сауда ұйымдары аясындағы келісімдер бар. Біз бағаны осылай ұстап тұрсақ, арзан өнімдерімізге өзге елдерден сұраныс артады. Бізде баға көп уақыт бойы төмен болып тұрды, - дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов.


Фото: дереккөз
Загрузка...