Алматы ауруханасына 13,5 млн теңгенің құрал-жабдығы сыйға тартылды

15 Мамыр 2020, 14:48
1489
Бөлісу:
Алматы ауруханасына 13,5 млн теңгенің құрал-жабдығы сыйға тартылды

Алматы, BAQ.KZ. Демеушілер Алматы жұқпалы аурулар ауруханасына 13,5 млн теңге сомасына медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бір топ жеке кәсіпкер Алматы қаласының И.С. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына пневмонияны емдеу кезінде қолданылатын медициналық құрал-жабдықтарды тегін табыстады.
Жұқпалы аурулар ауруханасына арналған құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша қайырымдылық акциясы қазақстандық "Spectr Holding" ЖШС компаниясының және ортақ достар мен серіктестер: Тимур Аманжолов, Еркін Майданов, Александр Суворов, Руслан Темирешов, Константин Терехов сынды қала тұрғындарының қайырымдылыққа жиналған қаражаттары есебінен жүзеге асырылды. Өкпе ауруларын емдеуге арналған, құны 13,5 млн теңге тұратын медициналық жабдық (BARK VibroLUNG) аталған жұқпалы аурулар ауруханасы жетекші мамандарының кеңесі бойынша сатып алынды,-делінген хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, бұл аппаратты SARS-CoV-2 тудырған, пневмонияны және жіті респираторлық дистресс синдромын, жай-күйі ауыр пациенттерді қоса алғанда, емдеудің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.

Аталған қайырымдылық акциясын өткізуге "Медикер" ЖШС-і ұйымдастырушылық қолдау көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы