Алматы туристері де ОҢАЙ картасын алады

9 Желтоқсан 2019, 11:20
8107
Бөлісу:
Алматы туристері де ОҢАЙ картасын алады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТИЦ Visit Almaty компаниясының директоры Марлен Маралов айтты. 

2020 жылы ақпараттық туристік орталықтың жұмысын жандандыруды көздеп отырмыз. Келер жылдан бастап "турист пакеті" деген жобаны қолға аламыз. Оның аясында Алматыға келген турист тегін SIM-карта, 200 мегабайт интернет, ОҢАЙ картасын алады. Осылайша, оңтүстік астанаға келген қонақтың қаланы бір күн тегін аралауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, бұл жобаға мемлекеттен ешқандай қаржы бөлінбейді. Қаржы жеке компаниялар мен серіктес компаниялардан бөлінетін болады, - деді Марлен Маралов.

Айта кетейік, бүгін "Kazakh Turizm ҰК" АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен IV ақпараттық-экскурсиялық тур өткізуде. 

Бес күнге жалғасатын турдың алғашқы күнінде еліміздің әр өңірінен келген туроператорлар туристік салада өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. Сонымен қатар, B2B кездесулерінде Алматы қаласы мен облыстың барлық туристік операторларының, қонақ үй кешендерінің ақпараттық турға қатысушылармен кездесулер жоспарланған. B2B кездесулерінде олар туристерді тарту мақсатында келісімшарттар жасасады.

Өзгелердің жаңалығы