Алматы тұрғыны вакцина салдырып, ІРhonе 12 ұтып алды

1 Маусым 2021, 16:25
33584
Бөлісу:
Алматы тұрғыны вакцина салдырып, ІРhonе 12 ұтып алды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда вакцина алғандар арасында өткен ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды.

«ЦУМ» сауда үйінде коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды. Сондай-ақ Globus СОСО-ғы егу пунктінде тікелей эфир арқылы IPhone телефонының соңғы үлгісі ойнатылды.

Екпе салдырғандарды қолдау мақсатында «Өзіңе және жақындарыңа қамқор бол» акциясын мегаполистегі алғашқылардың бірі болып «ЦУМ» сауда үйі өткізді. «ЦУМ» СҮ президентінің міндетін атқарушы Сергей Ивановтың айтуынша, 22-31 мамыр аралығында Алматының барша тұрғындары сауда үйінің егу пунктіне келіп, коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, лотерея купонын алып, бағалы жүлделер ұтысына қатысуға мүмкіндік алды.

Жеңімпаздар кездейсоқ таңдалды. Барлығы 5 жүлде ойнатылды: ІРhonе 12 смартфоны, Samsung Galaxy A02 телефоны, «Starbucks» желісінен, «Wendy's» мейрамханасынан сертификаттар, сондай-ақ кәдесыйлар орталығынан сертификаттар берілді.

Бас жүлде ІРhonе 12-ні Дарья Сургутанова есімді қала тұрғыны иеленді.

Мен коронавирусқа қарсы вакцинаны сыйлық ұтып алу үшін салдырған жоқпын. Бұл – менің саналы таңдауым. Өзімнің және жақындарымның ауырғанын қаламаймын. Менің ойымша, бұл керемет мүмкіндік. Тегін вакцина алып, ауруға қарсы тұру бәріміздің қолымыздан келеді. Сондықтан мен қала тұрғындарын екпе алдыруға шақырамын, – деді Дарья Сургутанова.

«ЦУМ» СҮ-де вакцина салдырғандардың бәріне киім, аяқ киім, сағаттар, ұялы телефондар, аксессуарлар, тіпті зергерлік бұйымдарды сатып алуға үлкен жеңілдіктер қарастырылған.

Барлық кәсіпкерлеріміз коронавирусқа қарсы екпе жасаған алматылықтардың таңдауын осылайша қолдап, өз тауарлары мен қызметтеріне жеңілдіктер берді, - дейді «ЦУМ» СҮ-нің өкілі Сергей Иванов.

Сол күні Globus СОСО әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде вакцина алған адамдар
арасында ІРһоnе 12 ұтыс ойыны өткізді.

Globus СОСО маркетологы Далия Жақыпованың айтуынша, қалада жаппай вакцина салдыру науқаны басталған кезде сауда-ойын-сауық орталығының ұжымының барлық мүшелері өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе алған.

Егу пункті біздің СОСО-да орналасқан. Сондықтан бұл өте ыңғайлы болды. Қала тұрғындары келіп, екпе салдыра бастады. Біз оларды қолдау мақсатында сыйлықтар ойнатуды шештік. Бұл Globus СОСО-ның қолдауы, - деп атап өтті Далия Жақыпова. Еске салсақ, екпе үйлері, базарларда, сауда үйлері мен СОО-да орналасқан.

Айта кетейік, қалада Qamqor акциясы жұмыс істейді: «төлқұжатыңды көрсет те, жеңілдік ал». Қала тұрғындары мен қонақтары вакцина алғаны туралы төлқұжатын көрсеткен кезде кәсіпкерлерден тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ала алады. Мысалы, вакцинаның арқасында кинотеатрға, фитнес-орталық, моншаға баруға және тағы басқа қызметтерге 20 пайыздық жеңілдік алуға мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы