Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету қалай жүріп жатыр?

30 Қараша 2021, 17:05
1342
Бөлісу:
Алматы тұрғындарын сумен үзіліссіз қамтамасыз ету қалай жүріп жатыр?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Алматының сумен жабдықтау жүйесі Қазақстандағы ең ірі жүйе болып табылады және қаланың және облыстың іргелес аудандарының 2 миллионнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. 

Бұл туралы Алматы әкімнің орынбасары Мұхит Әзірбаев брифингте айтты.

Оның айтуынша, мегаполисте су құбыры мен кәріздің инженерлік желілерінің кең ауқымды құрылысымен бір мезгілде ауызсу көздерін кеңейту бойынша бірнеше жоба іске асырылуда.

Судың сапасын жақсарту және оның Наурызбай ауданының шағын аудандарына үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету үшін фильтрлі станциясы бар «Қарғалы» су тарту құрылысының реконструкциясы аяқталып қалды. Қуаттылығы тәулігіне 15 мың текше метр болатын жаңа су дайындау станциясы Қарағайлы, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарының 28 мың тұрғынын сумен қамтуға мүмкіндік береді, - деді әкімнің орынбасары.

Келесі жылы Ақсай өзенінде Наурызбай ауданының 42 мың тұрғынын қамтитын осындай ғимараттың құрылысы басталады.

Сондай-ақ Бостандық ауданында Ерменсай, Бағаналы, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка және Энергетик шағын аудандарының 22 мың тұрғыны үшін су жинау жобасын әзірлеу аяқталуда.

Бостандық ауданының жоғарғы бөлігінің су құбыры және кәріз желілерін қаланың коммуналдық меншігіне беру бойынша жұмыс жүргізуде, бұл тұрғындарды сапалы сумен және олардың үйлерін сумен үзіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Әзірбаев.

Сондай-ақ ол қала тұрғындарын инженерлік желілер құрылысына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Әкімнің орынбасары инженерлік желілерді төсеу кезінде құрылысшылар бірегей шешімді талап ететін түрлі қиындықтарға тап болатынын атап өтті.

Мәселен, қолданыстағы инженерлік коммуникациялар желілері қаланың төменгі бөлігінде бар болғандықтан, құрылыс барысы қиындап отыр. Кабельдік желілерге немесе ескі сумен жабдықтау немесе кәріз желілеріне зақым келтірмеу үшін құрылысшылар абай болуы керек, өйткені бұл қала тұрғындарының құрылыс мерзімдеріне деген наразылығын тудыруы мүмкін.

Таулы жерлердегі құрылысты инженерлік желілерді орналастыруға арналған жеткілікті дәліздің болмауы секілді қиын жағдайлар, тасты топырақтар қиындатады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы