Алматы тұрғындарын алдап 30 млн теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

28 Қазан 2021, 20:00
282780
Бөлісу:
Алматы тұрғындарын алдап 30 млн теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алмалы ауданының полиция қызметкерлері 39 жастағы П.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ер адам бірнеше алматылықтарды алдаған деген күдікке ілінді. Оның әрекетінен келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 30 миллион теңгені құраған. Алданған азаматтар күдіктінің заңсыз әрекеттерін өз арыздарында көрсеткен. Арызданушылардың бірінің нұсқасына сәйкес, ол П.есімді азаматпен интернетте танысқан. Жаңа танысы БАӘ немесе Еуропадан нарықтан төмен бағаға көлік алуға көмектесуді ұсынды. Күдіктіге 30 мың доллар көлемінде ақша аударылғаннан кейін ол байланысқа шығуын тоқтатқан, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті қамауға алынды. Істі қарау барысында оның тағы бірнеше осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар екені анықталды – қаскөй кепілге қойылған пәтерлерді сатып алуға мүмкіндік беремін деген желеумен жергілікті тұрғындардың ақшасын жымқырған. Бұл жолы ол өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің тарату комиссиясының мүшесі ретінде көрсетті.

Тағы бір эпизодта П.есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға көмектесуге уәде берген. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Осы тұлғаның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727, – деп қорытындылады Ысқақов.

Өзгелердің жаңалығы