Бас жаңалықтар
Алматыда 8000-нан астам түлек үшін «соңғы қоңырау» соғылды
25 Мамыр 2019, 15:21 510

Алматыда 8000-нан астам түлек үшін «соңғы қоңырау» соғылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Әуезов ауданы Таугүл-3 ықшам елді мекеніндегі №175 гимназияның мектеп түлектеріне арналған "соңғы қоңырауға" қатысты.

Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаған Бауыржан Байбек қалада соңғы үш жылдың ішінде 3 жаңа қазақ мектебінің ашылғанын, оның екеуінің жеке инвесторлармен әріптестік ынтымақтастық барысында салынғанын атап өтті.

Алдағы оқу жылында Алатау ауданында тағы бір қазақ мектебі ашылады, тағы екі қазақ мектептерінің жанынан 400 және 900 орынды қосалқы нысандар іске қосылады. Таяу уақытта 7900 орынды тағы 8 жаңа мектеп салу жоспарланған.


«Қазіргі кезде қалада заманауи сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Елбасы үнемі XXI ғасыр – білім мен ғылым ғасыры деп айтып келеді. Тек білімді әрі білікті кадрларды өсіргенде ғана біз қуатты және гүлденген мемлекетке айналамыз. Биылғы жылы 236 мың оқушының 98,7% мектеп жанындағы және қала сыртындағы 800-ге жуық лагерьлерге баратын болады, оған жергілікті бюджет есебінен 232,4 млн теңге қаржы қарастырылды. Қалған балалар түрлі үйірме және клубтарға, спорттық секцияларға қамтылады. Мемлекет және қала әкімдігі тарапынан балалардың әлеуметтік жағдайына да ерекше мән берілген. Биылғы оқу жылында қала мектептерінде үздік оқитын, көпбалалы отбасынан шыққан 2614 оқушы жергілікті бюджет есебінен стипендия алды», - деді Бауыржан Байбек.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық