Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды

20 Наурыз 2020, 02:38
1872
Бөлісу:
Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлердің сөзінше, тұрғын үй кешенін Ұлттық ұлан сарбаздары мен полицейлер қоршауға алған. Айналасына темір қоршау орнатылған.

Қазіргі уақытта тұрғын үй аумағына ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармай жатыр.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мән-жайды кейінірек хабарлауға уәде берді.

Айта кетейік, 19 наурызда WhatsApp желісінде Almaty Towers қоршауға алынғаны туралы хабар тараған болатын. Алайда қала әкімдігі бұл мәліметті жоққа шығарған. Кешен маңында ешқандай да операция жүргізілмеген еді.

Еске салайық, бұған дейін "Сұңқар" тұрғын үйі, ал кейін оның маңындағы үйлер карантинге жабылған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 44 адам коронавирус жұқтырған. 
Өзгелердің жаңалығы