Алматы ТМД бойынша «ақылды» қалалардың көш басында тұр
09 Қараша 2021, 18:47 115

Алматы ТМД бойынша «ақылды» қалалардың көш басында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев хабарлады. Оның айтуынша, оңтүстік астана цифрландыру қарқыны бойынша ТМД мен Шығыс Еуропаның көшбасшыларының қатарына кіреді.

Біздің мегаполис Мәскеуден кейін «ақылды» қалалар рейтингінде екінші орынды иеленді. Ал IDC рейтингіндегі цифрлық жетілу деңгейі 2,7 балды құрайды. Цифрландыру туралы айтқанда, процесстер «Алматы-2050» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларының стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі тиіс екенін түсінген жөн. Біз қаланы цифрландырумен қатар, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасауға тырысамыз, - деп атап өтті Баян Қоңырбаев.

Сондай-ақ ол «ақылды» қаланың 11 саласын қамти отырып, түрлі мемлекеттік органдар ұсынған 17 цифрлық офицер бекітілгендігін алға тартты.

Мәселен, 2021 жылы қаланы Цифрландыру басқармасының жұмысындағы басты бағыт – Бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру, қала қызметіне АT-кеңесті тарту және қолданбалы форматта университеттермен өзара іс-қимылды қалыптастыру болды, - деді басқарма басшысы.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...