Almaty телеарнасы бір қызметкері қайтыс болғанын растады

8 Қаңтар 2022, 09:10
1482
Бөлісу:
Almaty телеарнасы бір қызметкері қайтыс болғанын растады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Almaty" Телерадиокомпаниясы" АҚ ұжымы компания қызметкері  Мұратхан Базарбаевтың кәсіби қызметін атқару кезінде, өкінішке қарай, 4 қаңтар күні кеште лаңкестердің бұзақылық әрекетінен ауыр жарақат алып, қайтыс болғанын хабарлады.

Мезгілсіз дүниеден өткен әріптесіміз Мұратқан Абдаұлының отбасына, жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтамыз. Оның өз кәсіби қызметіне деген адал да батыл позициясы, ақжарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады,-делінген телеарна хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы