Бас жаңалықтар
«Алматы-Ташкент» тас жолында екі көлік соқтығысып, 6 адам мерт болды
23 Қыркүйек 2021, 11:01 1229

«Алматы-Ташкент» тас жолында екі көлік соқтығысып, 6 адам мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының «Алматы-Ташкент» тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысты.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды.

Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жол ережесін сақтамау қайғылы жағдайға алып келеді, - деп ескертті Жамбыл облысының Полиция департаменті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...