Бас жаңалықтар
Алматы, Шымкент қалалары және бірқатар облыс әкімдері тағайындалды
17 Маусым 2019, 19:11 476

Алматы, Шымкент қалалары және бірқатар облыс әкімдері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин – Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов – Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 маусым


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...