Алматы «Шетсіз қала» концепциясы аясында дамиды

18 Шілде 2019, 00:41
1653
Бөлісу:
Алматы «Шетсіз қала» концепциясы аясында дамиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өткізген  қала активінің отырысында белгілі болды. Онда 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Б.Сағынтаев Алматыны одан әрі өркендетудің стратегиялық бағытын айқындады және оларды шешу шараларын атап өтті. Алматыны дамытуда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси платформасында көрініс тапқан «Шетсіз қала» концепциясына баса назар аударылатын болады.

Халықтың негізгі әлеуметтік сұраныстарын шешу қажет, яғни лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын ашу, бірінші кезектегі азық-түлік бағалары мен коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауына жол бермеу, қолжетімді тұрғын үй салу, экологияны сақтау, медициналық қызметтің сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет.

Алматы әкімі аймақтарды абаттандыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі, «қарапайым заттардың» экономикасын, әлеуметтік инфрақұрылым мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Жергілікті атқару органдары үшін қалалықтардың табыс деңгейін арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар пакеті жасалды.



Өзгелердің жаңалығы