Алматы – Семей бағытындағы санитарлық рейстің қозғалтқышы істен шықты

3 Қыркүйек 2021, 15:00
1132
Бөлісу:
Алматы – Семей бағытындағы санитарлық рейстің қозғалтқышы істен шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы - Семей бағытында ұшқан ұшақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайта қонды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.


Семей бағыты бойынша санитарлық рейс жасаған ұшақтың қозғалтқышы істен шықты.
Бүгін, 3 қыркүйекте түскі сағат 11:12-де Алматы – Семей бағыты бойынша ұшып бара жатқан EastWing әуекомпаниясының EWZ1149 ЯК – 40 санитарлық рейсі апат дабылын қақты. Бұған себеп – сол жақ қозғалтқыштың істен шығуы. Ұшақ ұшу аэродромына сағат 11:17 сәтті қонды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 
Министрліктің мәліметінше, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында екі дәрігер мен 5 экипаж мүшесі болған.
Өзгелердің жаңалығы