Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кетті

15 Тамыз 2020, 04:35
2266
Бөлісу:
Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев Instagram-дағы парақшасына бас-аяғы бір-ақ жыл атқарған қызметінен кетіп жатқанын жазды.

Қиыншылығымен ерекшеленген, барлық жағынан тағдырлы саяхатым міне соңына жетті. Мемлекеттік қызметте бір-ақ жыл қызмет атқардым. Алайда, 1 емес, 3 жыл жүргендеймін. Бір жыл бұрын мәдениет басқармасының басшысы қызметіне келдім. Салмақты қадам еді. Қала әкімі қызықты әрі күрделі – қала мәдениетін реформалау және Алматыда креативті экономиканы дамыту үшін алғышарттар құру сияқты міндет қойған. Көптеген адамдар үшін бұл жаңа ұғым, алайда, әлемдегі барлық ірі қалалар креативті экономиканы дамудың басымдығы ретінде таңдап қана қоймайды. Мен бұл құбылысты 3 жылдан астам зерттедім, - дейді Ернар Құрмашев.

Айтуынша, ол отандық киноиндустрияның тек сондай креативті индустрия жолымен дами алатынын түсінген. Сондықтан өз санасында "киноиндустрия – орындаушылық өнер, заманауи өнер, анимация, сән және басқа шығармашылық индустриялардың жетекші және қозғаушы күші" деген түсінік қалыптастырған екен.

Осы қағида бойынша мен қала мәдениетін дамыта бастадым. Көп істер атқарылды. Олардың нәтижелерін 2-3 жылдан кейін көруге болады. Мәдениет басқармасының жаңа басшылығы креативті экономиканы дамытудың әзірленген стратегиясын іске асыруды жалғастырады деген сенімдемін. Бақытжан Әбдірұлына маған сенім білдіргені үшін және мені бірден қабылдап, қолдау көрсеткен Алматы қаласы әкімдігінің керемет командасына шексіз ризашылығымды білдіремін. Мен мол тәжірибе жинадым. Бұл жол мені тек шыңдап қана қоймай, өзіме деген сенімділікті арттыра түсті, - деді одан әрі, лауазымына қимастық сезім танытқан шенеунік.

Алайда, оған басқа лауазымға өзі "бас тарта алмайтын" ұсыныс жасалыпты. Әйтпесе, мәдениет басқармасының басшысы қызметінен жергілікті билік еркінен тыс босатпаған. Керісінше, кетер алдында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолынан атқарған жұмыстары үшін алғыс хат алғанын алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы