Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

8 Сәуір 2019, 19:48
2037
Бөлісу:
Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мұхит Әзірбаев Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі.

Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған. Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компанияның бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарған.

2017 жылы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болды. Жаңа тағайындауға дейін қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы