Бас жаңалықтар
Алматы полициясы адам өлтіріп, қашып жүрген күдіктіні ұстады
03 Сәуiр 2019, 12:54 651

Алматы полициясы адам өлтіріп, қашып жүрген күдіктіні ұстады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясының жедел іздестіру шаралары барысында өткен жылдың соңында адам өлтіріп, қашып жүрген қылмыскер ұсталды. Белгілі болғандай қылмыскер бұған дейін қаладағы қонақүйлерде жасырынып келген. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

1990 жылы туған К есімді азаматқа қару қолдану арқылы адам өлтірді деген айып тағылған. Күдікті қылмыс өткен жылдың желтоқсан айында жасаған.

«Тергеу барысында ер адамның қарым-қатынастарының дұрыс болмауы негізінде бұзақылыққа барғаны анықталды. Біздің бөлім мен жедел қызметтің аудандық бөлімше қызметкерлерінің қырағылығы арқасында қашқын ұсталды. Қазір оның қатысуымен қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- дейді Алматы ПД қылмыстық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық