Алматы полициясы панасыз балаларды іздеп жатыр

13 Қыркүйек 2021, 15:18
5057
Бөлісу:
Алматы полициясы панасыз балаларды іздеп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы аясында панасыз балаларды іздеп жатыр. Бұл туралы қалалық ПД-ті хабарлады.

Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында 13-19 қыркүйек аралығында өтеді. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарының қатысушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, – дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық полициясының бастығы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азайғаны туралы хабарлаған болатын. Қанат Таймерденовтың айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 22,4% төмендеуі байқалады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 5,6%-ға төмендеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары ерекше бақылауда. Ағымдағы жылдың басынан бері 417 жасөспірім мен 375 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды. 12 қиын жасөспірім девиантты іс-әрекетті балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберілді. Сонымен қатар 407 кәмелетке толмағандар Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамның қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 14 жалпықалалық жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Өзгелердің жаңалығы