Алматы полициясы Kaspi bank бөлімшесін тонағандарды ұстады

30 Қазан 2020, 13:04
2015
Бөлісу:
Алматы полициясы Kaspi bank  бөлімшесін тонағандарды ұстады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы Kaspi bank бөлімшесіне қарулы шабуыл жасап, тонағандарды ұстағанын мәлімдеді.

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталған. Күдіктілер - С. және У. есімді азаматтар Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдерімен ұсталыпты.

Үшінші күдікті дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды. Заттай дәйектер - ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192 бабы, 3 бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген, - делінген хабарламада. 

 

Сондай-ақ, күдіктілер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталған.

Еске сала кетейік, осы жылдың 16 қазанында Алматыда банк бөлімшесін тонап кеткендер іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.





 

.

Өзгелердің жаңалығы