Алматы полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» кешеніндегі қарулы адаммен келіссөз жүргізуде

24 Сәуір 2021, 20:20
1405
Бөлісу:
Алматы полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» кешеніндегі қарулы адаммен келіссөз жүргізуде

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы күзетшіні жаралаған қарулы адамды ұстауға әрекет жасап жатқандарын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта пәтерде жасырынған күдіктімен келіссөздер жүргізілуде. Қарулы адам келіссөздерден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан,-делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланған.

Полиция азаматтарды тыныштыққа шақырады.

Жәбірленуші реанимацияда, оның өміріне қауіп жоқ. Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасуда,-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда белгісіз ер адам Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісін атып кеткен еді.  Сондай-ақ интернетте Алматыда күзетшіні қарулы адам жарақаттаған сәттегі видеосы пайда болды.
Өзгелердің жаңалығы