Алматы полициясы автобус жүргізушілерін қатаң бақылауға алды

4 Қазан 2021, 14:11
8131
Бөлісу:
Алматы полициясы автобус жүргізушілерін қатаң бақылауға алды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын мәлімдеді.

Бүгін Әуезов ауданында «Автобус» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы басталды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмысты күшейтті.

Шара аясында полиция қызметкерлері автобус жүргізушілерін тексерді. Олардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына, жұмыстарды ұйымдастыруға, көлікті техникалық байқаудан өткізуге ерекше көңіл бөлінді,-делінген хабарламада.

Іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Айта кетейік, «Автобус» жедел-алдын-алу іс-шарасы 2021 жылдың 13 қазанына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы