Бас жаңалықтар
Алматы полицейлері есірткі сататын 247 сайтты бұғаттады
26 Қаңтар 2021, 17:36 208

Алматы полицейлері есірткі сататын 247 сайтты бұғаттады

Алматы, BAQ.KZ . Алматы полицейлері жыл басынан бері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға ықпал етті. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен ғаламторды мониторингілеу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға бағыттаған. 

Сондай-ақ өткен жылы синтетикалық есірткі шығаратын бес зертхана анықталып, жойылды. Барлығы есірткіні тікелей байланыссыз сатумен айналысқан бес күдіктінің қатысуымен екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Тұтастай алғанда, есірткінің заңсыз айналымы саласында 400-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды және ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды, – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов. 

2020 жылы заңсыз айналымнан 320 келі 527 г есірткі, оның ішінде 446 гр 35 мг героин, 30 келі 996 гр гашиш және 159 келі 701 гр марихуана тәркіленген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...