Алматы-Өскемен тасжолының кейбір бөлігі жабылды

22 Қаңтар 2021, 16:43
1877
Бөлісу:
Алматы-Өскемен тасжолының кейбір бөлігі жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Өскемен тасжолының кейбір бөлігі жабылғанын мәлімдеді.

2021 жылғы 22 қаңтар, сағат 15.00 бастап Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» обылыстық маңызы бар автожолдың 0-ші мен 45-ші шақырымында және «Алматы-Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» автожолынан Көктөбе ауылына дейін 0-16 шақырымында қозғалыс барлық көліктерге жабылды,-делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз,-делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы