Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты

15 Сәуір 2021, 14:07
1695
Бөлісу:
Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала ақпарат бойынша, коттедждер мен балық аулау базаларындағы су көлігі өртенген. Бір адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеоны оқырмандар WhatsApp нөміріне жіберген.

"Завидоводан" (балық аулау базасы - авт. ескерт.). Бүкіл дельта (Іле өзені - авт. ескерт.) Аралтөбеден бастап, ондаған шақырымға дейін өртеніп кетті. Түнде базаларда халық кезекшілік етеді. Қараөзек ауылы (Балқаш ауданында - авт. ескерт.) өртенді. Балқашқа дейінгі жағлаудың бәрі өртенді, - дейді оқырман.

Завидово балық аулау базасының қызметкері Ольга өрт 12 сәуірде таңертең сағат 10-11 шамасында базаға жеткенін айтты.

Мұндай жағдайда қауіпсіздік ережелерін бәрі біледі. Сондай-ақ өрт сөндіруге арналған техника да бар. Қызметкерлеріміздің арқасында өрт 16.00-ге дейін толығымен оқшауланды, шамамен 10-15 адам өрт сөндіру сорғыларымен өртті сөндірді, гидранттар қолданылды. Бірде-бір ғимарат, бірде-бір қызметкер, қонақтар зардап шеккен жоқ, - деді Ольга.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның алдын ала мәліметінше, өрт Алматы облысының Балқаш ауданында болған. Қазір өрт өзеннің батыс бөлігінен Іле өзенінің шығыс бөлігіне балық шаруашылығы субъектілері жоқ Іле-Балқаш резерватына қарай ауысқан.

Балық шаруашылығы субъектілері емес жеке туристік базалардың өртену қаупі бар. Бүгін таңертең орманшылар әуеден бақылау жүргізеді, сондықтан қосымша ақпарат кейінірек беріледі, - деп түсіндірді Самал Ибраева.

14 сәуірдегі сағат 23.00-дегі жағдай бойынша Балқаш маңында болған өрт салдарынан балық шаруашылығының екі субъектісіне залал келген.

Алматы облысы ТЖД Балқаш ауданында 12 сәуірде өрт шыққанын хабарлады. Сол кезде ТЖД жедел штабы құрылған. Бүгін, 15 сәуірде, өрт әлі жойылған жоқ.



Өзгелердің жаңалығы