Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда – ТЖМ Алматы облысындағы оқиға туралы

15 Сәуір 2021, 16:00
2611
Бөлісу:
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда – ТЖМ Алматы облысындағы оқиға туралы
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуір күні сағат 09.45-те Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен жиырма бес шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Өрт көлемі анықталуда. Өрт шаруа қожалықтарының аумақтарына және жеке демалыс базаларының жерлеріне таралды. Өрт орнына жедел түрде Балқаш ауданы Қапшағай қаласы мен Бақанас ауылының өрт сөндіру бөлімдерінен 18 қызметкер мен 5 бірлік техника жіберілді, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда – ТЖМ Алматы облысындағы оқиға туралы

ТЖ орнына барар жолдың нашар болуына байланысты күштер мен құралдардың қозғалысы айтарлықтай қиындады. Өрт орнына дейінгі арақашықтық шамамен 180-200 шақырымды құрайды. Телефон байланысы болмағандықтан, жедел топтың жеке құрамы байланысты ұйымдастыру үшін алып жүретін спутниктік терминалдармен қамтамасыз етілді.

13 сәуірден бері ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері және құралдары Балқаш ауданының Желтораңғы, Ақкөл ауылдық округтерінің аумақтарындағы ошақтарды сөндіруде. Барлығы үш жану ошағы бар. Алғашқы ошақ 20 га алаңда сағат 10.30-да сөндірілді. Екінші және үшінші жану ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда, - делінген хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда – ТЖМ Алматы облысындағы оқиға туралы

Қураған ағаштардың жану оқиғаларының жиілеуіне байланысты 12 сәуірден бастап Балқаш ауданында жедел штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмыс істейді. Қазавиаорманқорғау мекемесінің ұшағымен учаскелерді аэровизуалды тексеру ұйымдастырылды.

Жануды болдырмау мақсатында ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді:

- табиғатта от жағудан аулақ болыңыз;
- туристік базалар, демалыс аймақтары, табиғи саябақтар және т. б. аумағында құрғақ шөптер мен жанғыш қоқыстарды жандырмаңыз;
- сөндірілмеген темекі тұқылдарын шөпке лақтырмаңыз;
- егер сіз жанып жатқан шөпті байқаған болсаңыз, бірінші кезекте 101, 112-қызметтеріне міндетті түрде хабарлаңыз және сөндіру бойынша шаралар қабылдауға тырысыңыз.


Өзгелердің жаңалығы