Алматы облысының құтқарушылары 55 адамды қар құрсауынан құтқарды

8 Қаңтар 2019, 18:44
1673
Бөлісу:
Алматы облысының құтқарушылары 55 адамды қар құрсауынан құтқарды

Астана, baq.kz. 2019 жылғы 7 қаңтарда Алматы облысы Кербұлақ ауданында облыстық маңызы бар «Сарыөзек-Қоғалы» автожолында қатты желдің салдарынан жолды қар басып қалып, салонында 55 адам, оның ішінде 15 балалары бар 22 автокөлік қар құрсауында тұрып қалды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

ТЖД қызметкерлерінің күшімен автокөліктер жолдың тазаланған учаскесіне көшірілді. Барлығы авариялық-құтқару жұмыстарына Департаменттің жеке құрамынан және ауданның жол қызметкерлерінен 8 адам жұмылдырылды. Көшірілгендер арасында құрбан болғандар және зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, нөлдік көріну) Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында 83 - тен 184 км - ге дейін (Көктұма ауылы-Достық станциясы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.   

Осыған байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қар құрсауында қалған кездегі жүріс-тұрыс қағидаларын ескертеді:

- қозғалысты шектеу туралы және болуы мүмкін дауылды ескерту хабарланғаннан кейін - СМС жіберулерде көрсетілген бағыттарда қозғалысты шектеу қажет.

- алыс жолға шықан кезде автокөлікте жылы киімдер, азық-түлік, дәрі қобдишасы, сүйреу арқаны, күрек, балауыз шамдары, шатырлар немесе целлофан және Сізге қиын жағдайда қажет болатын нәрсенің барлығы болуы қажет.

- автокөлікте жүріп келе жатқан кезде қар құрсауын еңсеруге тырыспаңыз, тоқтау керек, егер мүмкіндік болса жақын елді мекенге дейін кері қайтып, жолды тазартуды күту қажет.

- егер Сіз елді мекеннен тыс жерде қолайсыз ауа-райы жағдайында қар құрсауында қалып қойсаңыз, автокөлікті тастап кетуге тырыспаңыз, автокөліктің қозғалтқышын радиатор жағынан жауып қойыңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

- қайта-қайта көліктен шығып тұру керек, қар астында қалмау үшін қарды тазалау керек; Қармен жабылып қалмаған автокөлік – іздеу тобы үшін жақсы бағдар.

- автокөліктің қозғалтқышының "қатып қалуын" болдырмау үшін оны мезгіл-мезгіл жылыту қажет, автомобильді қыздыру кезінде кабинкаға (шанақ, салон) пайдаланылған газдардың ағып кетуіне жол бермеу маңызды, осы мақсатта пайдаланылған құбырдың қармен үйіліп қалмауын және желдің бағыты бойынша орналасуын қадағалау маңызды.

- егер жолда бірнеше адам бірге болса (бірнеше автокөлікте), барлығына бірге жиналып, жасырыну ретінде бір автокөлікті пайдаланған орынды және құтқару бөлімшесін күту керек.

Өзгелердің жаңалығы