Алматы облысының мектептері 1400 жас маманмен толықты

22 Тамыз 2019, 16:39
1772
Бөлісу:
Алматы облысының мектептері 1400 жас маманмен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске қосылған 10 жыл ішінде Алматы облысында 4328 жас педагог көтерме ақы алса, баспана алуға 2 мыңға жуық бюджеттік несие берілген. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласында өткен тамыз педагогикалық кеңесінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кеңесте жас мамандарды қолдау, кадр мәселесін шешу проблемалары сөз болды.

"Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірдегі білім беру ұйымдарындағы педагогтар қатары 1400-ден астам жас маманмен толыққан. Соның 1079  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан. Оларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілген", - делінген таратылған ақпаратта.

Дегенмен өңірде әлі де маман тапшылығы байқалады.

"Бүгінгі күні облыс мектептеріне орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, ағылшын тілі пәндері бойынша 111 маманға қажеттілік бар. Облыс әкімдігінен берілген гранттардың 141-і педагогикалық мамандықтарға бөлінуі аталған мәселені шешуге ықпал етпек", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы