Алматы облысының күштік құрылымдары су тасқынына дайындықты күшейтті

18 Ақпан 2020, 08:38
1319
Бөлісу:
Алматы облысының күштік құрылымдары су тасқынына дайындықты күшейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы облысының күштік құрылымдары көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 3,5 мыңнан астам адам арнайы топтарға жұмылдырылған.


Бүгінгі таңда облыс аумағында 76 су қоймасы, 117 тоған, 21 бөгет, 35 су торабы, 158 магистралды канал бар. Қазір осы аумақтардың бәрінде тұрақты бақылау жүргізіліп отыр. Су мөлшерін бақылау үшін 96 гидробекет қойылған. Бүгінде арықтар мен каналдардың, суағар құбырлардың арналары тазартылып, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда шұғыл шығындар салдарын жоюға облыс бюджетінен 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр, – дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Ахашов. – Сонымен қатар қажетті заттар қоры дайындалған. Атап айтқанда, 265 шатыр, 1200 төсек, 8,4 мың дана төсек жабдықтары қолданысқа дайын.
Сондай-ақ оқыс оқиға орын алған жағдайда халықты жедел эвакуациялауға 50 қабылдау орны белгіленген.


122 дана су соратын мотопомпа қарастырылып, жағдай толықтай бақылауда, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы