Алматы облысында жергілікті жолдардың 240 шақырымы жөнделіп жатыр

12 Тамыз 2020, 15:58
1566
Бөлісу:
Алматы облысында жергілікті жолдардың 240 шақырымы жөнделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жергілікті жолдарды жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Тұтастай алғанда, өңірде биыл автомобиль жолдары саласында 40-тан астам жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Атап айқанда, облыстық және аудандық маңызы бар "Қабанбай – Көктұма", "Саты – Құрметі", "Қабанбай – Лепсі", "Көксу – Киров – Қарабұлақ – Қайнарлы", "Ақтерек – Мәтібұлақ – Отар", "Талдықорған – Үштөбе – Быжы – Мұқры", "Алматы – Өскемен – Молалы – Үштөбе" және "Қабанбай – Көктұма" жолдарындағы көпірлер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде. 

Сонымен қатар, биыл өңірде облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Осылайша, "Қапшағай – Бақанас – Қарой", "Қабанбай – Лепсі", "Жансүгіров – Арасан", "Алматы – Жетіген – Қапшағай су қоймасы", "Бекболат Әшекеев (Первомайское) – Қайнар", "Алматы – Өскемен – Көкөзек", "Ұзынағаш – Күрті", "Көктал – Жаркент – Арасан", "Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік", "Сұңқар-Қаншеңгел-Топар-Құйған", "Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы", "Шонжы – Көлжат – Кетмен – Шалкөде шатқалы", "Шонжы – Тігермен – Ұқын – Там – Шонжы – Көктал", және "Көкпек – Кеген –Түп – Жылысай – Кенсу" жолдары жаңғыртылуда. Мұнымен қоса Қоржымбай, Жансүгіров, Талдыбұлақ, Онжас, Бақалы, Шыбышы елді мекендеріне, Көрқұдық станциясы мен Есік көліне кіру жолдары жаңартылып жатыр. Бұдан бөлек, "Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай" (0-110 шақырым), "Сарыөзек – Қорғас – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ" және "Лепсі – Балқаш көлі" (0-27 шақырым) жолдарында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілу үстінде, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Алматы облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 6139 шақырымды құрайды. Аталмыш жолардың 81% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.



Өзгелердің жаңалығы