Бас жаңалықтар
Алматы облысында жер сілкінді
17 Қазан 2019, 09:33 565

Алматы облысында жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер сілкінісі бүгін сағат 6:30 шамасында болған. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялары 17 қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 6:30 шамасында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкіну эпицентрі Алматы облысы Кеген ауданы аумағында Алматыдан шығыс жаққа 157 шақырым жерде болды", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.5.

Магнитудасы MPV 3.9.

Эпицентрдің координаттары 42.87° с.ш. 78.78° в.д.

Тереңдігі 15 шақырым.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Жер сілкінісі туралы ақпарат таратылғаннан кейін Алматы облысы ТЖД дереу барлық жергілікті құзырлы органдар, ПД, прокуратура және т.б. ұйымдарды хабардар етті. Сонымен қатар, бөлінген учаскелердегі ахуалды анықтап тұрды. 

Айта кетейік, жер сілкінісі салдарынан ешкім зардап шекпеді. Қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеді.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...