Бас жаңалықтар
Алматы облысында «Жер-2021» халықаралық оқу-жаттығуы басталды
21 Қыркүйек 2021, 14:12 257

Алматы облысында «Жер-2021» халықаралық оқу-жаттығуы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Тамғалы шатқалында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау мақсатында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығу барысында Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісінің қаупі және туындауы кезіне арналған міндеттерді орындауға АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйесінің жұмыс істеу режимін жоғары әзірлік режиміне ауыстыру, жойқын жер сілкінісі қатері және туындауы кезінде ден қоюға АҚМЖ қабылдаған шараларының тиімділігі мен деңгейін арттыру, Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдарын басқару бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарының үйлесімдігі мен өзара іс-қимыл жасауын жетілдіру; құлақтандыру жұмыстары пысықталады, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ жаттығулар барысында мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтерді қорларының құрылуын тексеру, төтенше жағдайларды жою, жойқын жер сілкінісін болжауды және туындауын есепке ала отырып эвакуациялық іс-шараларды және өзара іс-қимылдары жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын нақтылау және түзету жүргізу, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, эвакуациялық комиссияларының, жедел штабтар қызметтерінің және азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарын ұйымдастыру, ТМД елдерінің аумақтарында ірі ауқымды төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекетаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, жойқын жер сілкінісі туындауы кезіндегі іс-қимылдарға халық түсіндіру жұмыстарын және оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.

 

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...