Алматы облысында жемқорлыққа қатысы бар 49 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

19 Қараша 2020, 12:54
1592
Бөлісу:
Алматы облысында жемқорлыққа қатысы бар 49 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен онлайн брифингте агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов мәлім етті. 

Оның айтуынша, соның бірі парамен ұсталған Текелі қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Баходир Норкулов.

Ол қоғамдық ұйымнан «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында атқарылатын абаттандыру жұмыстарының құжаттарына «қамқорлық» көрсетемін деп 1,5 млн теңге көлемінде пара алған. Тамыз айының басында Норкуловқа қатысты сот үкімі шықты. Оған 15 млн теңгенің айыппұлы салынып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Осы оқиғадан кейін Текелі қаласының әкімі отставкаға кетті, - деді ол. 

Брифинг барысында келтірілген мәліметке сүйенсек, Алматы облысының агенттігі жыл басынан бері шағын және орта бизнестің жұмысына кедергі келтірген 27 фактіні анықтады. Нәтижесінде 49 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 20-сына қатысты түрлі шара қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы