Алматы облысында жаңадан салынып жатқан спорт нысаны қирады

22 Қыркүйек 2020, 11:41
1651
Бөлісу:
Алматы облысында жаңадан салынып жатқан спорт нысаны қирады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылында жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені қирады.

Жаңа нысанның құрылысы 2019 жылы күзде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында басталған. Нысан 2021 жылы толықтай аяқталып, пайдалануға берілу керек болған. 

Ұйғыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі қазір арнайы комиссия құрылып, ғимараттың неліктен құлғанын тексеріп жатқанын айтты. 

Nege.kz порталының мәліметінше, аталған нысанның құрылысына 1,171 миллиард теңге бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы