Алматы облысында суық қару жасаумен айналысатын азамат ұсталды

23 Ақпан 2021, 03:22
2772
Бөлісу:
Алматы облысында суық қару жасаумен айналысатын азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері суық қару жасайтын азаматты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ғаламторды мониторингілеу кезінде ОLХ қосымшасынан суық қару түріне жататын пышақтарды сату туралы жарнаманы анықтаған.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру дерегіне қатысы бар деген күдікпен Талдыбұлақ ауылының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады, – деді Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы Джанболат Зиядин.
Тергеу барысында пышақ жасаумен айналысатын жергілікті тұрғын оның суық қару санатына жататынынан бейхабар екенін жеткізді. Полицейлер заң талабын білмеу оны жауапкершіліктен босатпайтынын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жақында іс материалдары сот органдарының қарауына жолданады.

Өзгелердің жаңалығы