Алматы облысында қант қызылшасының көлемі артты

3 Қаңтар 2022, 19:33
1240
Бөлісу:
Алматы облысында қант қызылшасының көлемі артты

Алматы, BAQ.KZ.  Сапалы тұқым, озық технологияның арқасында облыстағы қант қызылшасының көлемі арта түсті.  

Өткен жылы 12 мың гектардан 328 мың тонна тәтті түбір жиналды. Ал жекелеген шаруалардың өнімділігі 700 центнерге дейін көтерілген.

Бұл қатардан Сарқан ауданының Мұханов (780 цн), Қалиев (655 цн) және «Абылқасымов» (435 цн), Ескелді ауданының «Сариев» ШҚ (510 цн) пен Ақсу ауданының «Алихан» (650 цн) шаруашылықтарын көруге болады.

Қазіргі уақытта Ақсу және Көксу қант зауыттары шикізатты толық қабылдап, өңдеуде, биыл 30 мың тоннадан астам отандық қант өндіріледі деп жоспарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы