Алматы облысында притон ұйымдастырған 46 жастағы әйел ұсталды

30 Қараша 2021, 09:12
1467
Бөлісу:
Алматы облысында притон ұйымдастырған 46 жастағы әйел ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында «Стоп-трафик» жедел алдын алу іс – шарасы аясында «жеңгетай» мен интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД-ті хабарлады.

Осы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өткізілетін «Стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 26 қараша күні Алматы облысы ПД КПБ жедел уәкілдері облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінде әкімші болып жұмыс істейтін 46 жастағы «жеңгетайды» ұстады.

Заңсыз іс-әрекетпен айналысқан әйел притон ұйымдастырып, ақшалай сыйақыға «жеңгетайлық» еткен.

Аталған дерек ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Сонымен қатар қонақүйді тексеру кезінде құқық қорғау қызметкерлері үш жезөкшені ұстап, есепке алды. Олар 29 жастағы Алматы, 30 жастағы Текелі қаласының және Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғындары болып шықты. Өзге ақпарат ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы