Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген микроавтобус аударылып қалды

<p> </p> <h4>Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысы перзентхана қызметкерлері мінген микроавтобустың аударылып қалған видеосы тарады.&nbsp;</h4>

 14 Ақпан 2021 2021, 15:22
14 Ақпан 2021 2021, 15:22
3232

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысы перзентхана қызметкерлері мінген микроавтобустың аударылып қалған видеосы тарады. 

Аталған оқыс оқиғаның видеосы Instagram-дағы kris_p_issyk парақшасында жарияланды. 



Онда жол көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 7:40 кезінде Маловодное ауылына жетпей болғаны айтылды. Аударылып қалған көлік ішінде Есік қаласы перзентханасының қызметкерлері болған. 


Алматы облысы Полиция департаменті 14 ақпан күні Еңбекшіқазақ аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарланғанын мәлімдеді. Жол апаты «Талғар-Есік-Байдібекби» автожолының 72-шақырымында болған. 


Оқиға орынан жеткен Жедел-тергеу тобы Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Сатай ауылы маңында жолдың тайғақ және қалың тұман болуына байланысты көлікті басқара алмай, бір жағына қарай аударып алған, - делінген Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Наверх