Алматы облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

15 Тамыз 2019, 19:41
1432
Бөлісу:
Алматы облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт қауіпсіздігін күшейту, адамдардың улы газдан зардап шегуін болдырмау мақсатында 15 тамыз мен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі жүргізіледі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, айлықтың бірінші кезеңінің басты мақсаты – жылыту пештерінің орнату барысындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

"Тексеріс алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары мен тұрмысы нашар отбасылар тұратын жерлерде тек мекен-жай бойынша жүргізілетін болады. Тұрғын секторда өрт - профилактикалық іс-шараларды өткізуге қатысу үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқа АІІБ қызметкерлері, энергия қадағалау, газ шаруашылығы қызметкерлері, ПИК, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес еріктілер ұйымдардың мүшелері тартылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы